Ресейде жеңіл көлік қайнаған суға толы шұңқырға түсіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде жеңіл көлік қайнаған суға толы шұңқырға түсіп кетті

20.11.2019

Ресейдің Пенза қаласында жеңіл автокөлік көшедегі шұңқырға құлап, 2 адам қаза тапты. Қайғылы жағдай жер астындағы су құбырының жарылып, топырақтың опырылуынан болған. Жол шетінде тұрған машина ыстық су толы орға құлап, оның ішіндегі 53 және 49 жастағы екі азамат оқиға орнында жан тәсілім етті.

Апат салдарынан 67 үйде ыстық су тоқтаған. Магистарльді құбыр желісіне жауапты компанияның айтуынша, апатқа дейін бірнеше сағат бұрын аталған аумақта тексеру жүргізіліп, ешқандай ақау анықталмаған. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу