Павлодар облысында екі ауылда жарық жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында екі ауылда жарық жоқ

22.11.2023

Павлодар өңірінде өткен демалыс күндері болған дауылдан электр сымдары үзілген екі ауылға әлі жарық берілген жоқ. Шарбақты ауданының Шошқалы ауылы қарағайлы орман ортасында тұр. Құлаған электр бағандарын қайта қалпына келтіру үшін ауыр техника жұмылдырылған. Бірақ жасыл желек кедергі болып тұр.

Ал Баянауылдың Ақши елді мекені таулы аймақта. Ол жақта жоғары кернеулі бағандарға зақым келген. Жұмыс өте күрделі. Оның үстіне кешеден бері желдің екпіні күшейіп, энергетиктердің биікте жұмыс істеуіне қолайсыздық тудырды. Естеріңізге сала кетейік, қарашаның 18-нен 19-на қараған түні аймақта қатты жел тұрып 117 елдімекен жарықсыз қалған еді. 200-ге тарта нысанның шатыры ұшып, басқа да зақым келді. Апат салдарын жою үшін аймақтың тоғыз ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу