Солтүстік Қазақстанда 50-ден астам елді мекен 4 күннен бері жарықсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 50-ден астам елді мекен 4 күннен бері жарықсыз отыр

21.11.2023

Солтүстік Қазақстан облысында да, 50-ден астам елді мекен 4 күннен бері жарықсыз отыр.

Энергетиктер істен шыққан желілер мен бағаналарды жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. Естеріңізге сала кетсек, өткен сенбіде болған қарлы боран мен дауыл салдарынан, электр сымдарына мұз қатып қалған болатын. Ақауды жою үшін, 46 бригада құрылды. Өңірде электр желілерінің 95 пайызы тозған. Ауа райы бұзылса, жағдай қайталануы мүмкін. Сондықтан, жауапты «СевКазЭнерго» компаниясы қауіпті аймақтарды анықтап жатыр.

Владислав Лукин, облыстық Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының м.а:

Ертең сағат 3-ке дейін тұрғындардың барлығын электр қуатымен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Мәселе толық шешілмесе де, кейбір тұтынушылар уақытша желіге қосылады. Жөндеу жұмыстарының барлығы коммуналдық компания есебінен жасалып жатыр. Бюджет қаражаты бөлінген жоқ.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу