Павлодар өңірінде дауыл салдарынан болған апатты нысандар қалпына келтіріліп жатыр. Алдымен 80-нен аса әлеуметтік нысан жөнделді. Шатыры ұшып, электр желісінен ажырап қалған 20 мектеп қазір оқушыларды қабылдауға дайын. Бірақ үзілген электр сымдарын жалғау жұмыстары қиындық тудыруда. Қазір облыстағы 18 елдімекенде 4-ші күн жарық жоқ. Себебі кейбір аумақтарда жоғары кернеулі электр бағандары құлаған. Оларға кешенді технологиямен қамтылған жөндеу бригадалары жіберілді.
Болат Аманбаев