Флорида штатында 86 мың үй жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Флорида штатында 86 мың үй жарықсыз қалды

17.11.2023

АҚШ-тың Флорида штатын су басты. Штаттың оңтүстік бөлігінде дамылсыз нөсер сәрсенбіден бері жауып тұр. 30 сантиметрден астам жауын-шашын түсіп, көшелер мен үйлерді су басқан. Оның үстіне дүлей жел соғып, жылдамдығы сағатына 136 шақырымға жеткен. Электр желілері үзіліп, ағаштар құлады. Ондаған мың үй мен өзге де ғимарат жарықсыз қалды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу