АҚШ-тың Флорида штатында 2 млн үй жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Флорида штатында 2 млн үй жарықсыз қалды

29.09.2022

АҚШ-тың Флорида штатына «Иэн» дауылы соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, сағатына 241 шақырым жылдамдықпен жеткен желдің екпінінен, электр жүйесі істен шығып, 2 миллиондай үй жарықсыз қалды.

 Дауылдан үйлердің шатыры жұлынып, көліктер аударылып, ағаштар құлаған.

«Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, дауыл алдында 2 жарым миллион тұрғынға қауіпсіз жерге көшуге бұйрық берілді. Бұған дейін «Иэн» Кубаны түгелдей жарықсыз қалдырып, 2 адам қайтыс болған еді.


Хабарламаларға жазылу