Калька күйіндегі жарнамаларды азайтып, ұлттық нақыштағы әсерлі әрі сауатты ақпарат беру - заман талабы. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары қазақша сауатты жарнама жазуға көмектесуге дайын. Бұл туралы Алматыда өткен «Қазақстандағы ұлттық жарнама тілін қалыптастыру және цифрландыру» атты конференцияда айтылды. Бүгінде институт мамандары жарнама корпусын жасап жатыр. Яғни, елімізде сауда-саттыққа қатысты мәтіндер жинақталып, электронды базаға салынуда.
Анар Фазылжанова, А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры:
Қазіргі жарнаманың мәтіндеріне қарасаңыз ол заттық дүниеліктермен өлшеніп бара жатыр. Фетишизм дейді ғой. Затқа табынушылық, тұтынушылық тұрғысынан бағаланып жатыр құндылықтарымыз. Бізде ондай ұлт ретінде қалыптастырған осындай ұлы, құнды дүниелерді жарнамамызда да солай беруіміз керек.
Қуан Нұрақын