«Ұлы Абай – халық жүрегінде» атты республикалық диктант өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы Абай – халық жүрегінде» атты республикалық диктант өтті

11.09.2020

Бүгін бір мезетте елдің барлық өңірінде жүздеген адам диктант жазды. Шара Абайдың мерейтойына орай ақын мұраларын кеңінен насихаттау және қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықыласын арттыру мақсатында өткізілді. Ұлы ақынның қара сөздерін жазуға ынта білдіргендер аз болмады. Өзге ұлт өкілдері, оқыту орталықтарының мамандары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. 

Әділбек Қаба, Тіл саясаты комитетінің төрағасы:

- Диктантты 8-11 қыркүйек аралығында ұйымдастырып отырмыз. Басты мақсат диктант жазушылардың сауаттылығын тексеру емес қой, басты мақсат - Абайдың шығармашылығын таныту.

Мадина Жолдас

Хабарламаларға жазылу