Әйелдердің мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға енді «AMANAT» партиясы да қолдау білдіреді. Осы мақсатта Шымкент қаласында саяси ұйымның «Әйелдер қанаты» құрылды.
Шымкенттегі дағдарыс және көмек көрсету орталығының көмегіне жыл басынан бері 500-ден астам әйел жүгінген. Оның ең үлкені 78 жаста болса, кішісі 11-ге енді толған жасөспірім. Психологиялық және құқықтық көмектің арқасында туыстарынан қысым көрген жандардың дені бірер айда отбасылармен қайта татуласты.
Мәлика Жүсіпова, дағдарыс көмек беру орталығының жетекшісі:
Қазір көп әйелдерді еңбекке үйретеміз. Оларды оқытып, қазіргі гранаттар бар ғой 500 мың, 1 миллион теңге болатын. Соны алып, жәймен өздері дөңгелетіп, аяққа тұрып кеткен әйелдеріміз бар.
Жаңадан құрылған әйелдер қанаты отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесіп, отбасы құндылықтарын дәріптейді. Кәсіпкер әйелдерге қолдау білдіріп, нәзік жандылардың ғылыммен айналысуына жағдай жасайды. Бұл істі жүзеге асыру үшін партия төрағалары кеңесшілер тағайындалады.
Шолпан Қарина «AMANAT» партиясының хатшысы:
Басымдық ретінде эксперттік топтар құрылады. Мемлекеттік органдармен бірге қарайтын, заң шығарушы органдарға ұсынылатын сұрақтар болса оны сол деңгейге дейін көтеретін, оның ішінде «AMANAT» партиясының Парламенттегі әйелдер қанаты да үлкен жұмыс жасайтынын айтқым келеді.
Кітап – рухани азық. Рухы мықты адам, руханият көкжиегі кең ұлт қана ұлы мақсат¬тар жолын таңдайды. Ұлттық мүдде мен ұрпақ тәрбиесі үшін Шымкентте «Кітап-AMANAT» кітап орталығы ашылды. Осы бастаманың аясында «AMANAT» партиясының жанынан түрлі тақырыптағы кітаптарды қол жетімді бағада сату ісі ұйымдастырылды.
Ғани Қалмаханов