Денсаулық саласына салынған қаржы көлемі 45 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық саласына салынған қаржы көлемі 45 пайызға өсті

14.11.2023

Денсаулық саласына салынған қаржы көлемі 45 пайызға өсті.

Биыл медицинаға 209 млрд теңге инвестиция салынған. Оның 42,7 пайызын, яғни 89 млрд теңгені қазақстандықтар емделу үшін өз қалтасынан төлеген. Сонымен бірге, жергілікті бюджеттен 57 млрд, республикалық қазынадан 52 млрд теңге түскен. Ал қалған сома банк және микроқаржы ұйымдарынан алынған қарыз. Ең көп қаржыландырылған Астана, Алматы қаласы мен Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу