Сарань қаласындағы индустриалды аймақта жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарань қаласындағы индустриалды аймақта жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр

10.11.2023

Өндіріс өркениеттің кілті. Қарағанды облысына қарасты Сарань қаласының тұрғындары осылай деп отыр. Шаһарды индустриялық аймақ ретінде дамыту идеясы қолға алынғалы үлкен өзгерістердің куәсі болып отырмыз дейді олар. Қалада автобус құрастыратын, шина өндіретін және өзге де ел экономикасы үшін аса маңызды зауыттар жұмыс істеп тұр. Индустрияландыру картасы бойынша жүзеге асырылатын 4 жобаға 274 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Жаңа іске қосылған зауыттарда 1300-ден астам адам еңбек етіп жатыр. Барлық жоба жүзеге асса тағы 1000-нан астам адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.

Мұхаммедқали Салықов, Саран қаласының тұрғыны:

Бұл зауыттарды салып жатқан біздің өз азаматтарымыз, «Allur» деген компания дейді. Аллаға шүкір солардың бізде жанашырлықпен жұмыс орындарын ашып жатқандарына қуаныштымыз. Жұмыс орындары, зауыт ашылып жатыр, оқу орындары. Балабақша мен мектеп орындары, көшеде жүретін қозғалыс техниканың барлығы ыңғайлы.

Өндіріс дамыған сайын қала да гүлденіп келеді. Абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар да салынып жатыр. Жақын маңдағы елді мекендерден халық көптеп көшіп келіп жатыр. Жұмысқа орналасам деушілер алдымен кәсіпорын тарапынан оқуға жіберіледі.

Ерсін Иманқұлов, Саран қаласының тұрғыны:

Көліктер жүріп тұрады, автобустар. РТИға, Қарағандыға уақытымен. Халықты қанағаттандырып тұр. Жақсы. Жол бәрі жақсы. Жол істелген. Прожектор бәрі жанып тұр. Жарық. Халық көп. Көшіп келіп жатыр. Бұрынғыға қарағанда.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу