Елімізде қызылшаны жұқтырған 29 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың 11-і бір жасқа толмаған сәби. Ал 13-і үш жасқа дейінгі бүлдіршін. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің мәліметінше, жағдайлары орташа. Әр баланың жай-күйі дәрігерлердің жіті бақылауында. Жалпы, қазір күніне 300-ге жуық бала емделіп, үйіне шықса, 400-дейі жаңадан ауруханаға түсіп жатыр. Дегенмен еліміздегі балабақшалар мен мектептер карантинге жабылмайды. Өйткені қызылша-инфекцияның тарауын екпенің көмегімен бақылауға алуға болатын дерт.
Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
Сырқаттанып отырған науқастардың ішінде 4 пайызға жуығы қызылшаға қарсы вакцинаны алған балалар. Бірақ 10 егілген балаларда қызылша инфекциясы жеңіл түрде. Ал енді мүлдем егілмеген және иммунитеті жоқ адамдарда ауыр түрде кейбір жағдайларда реанимациялық көмекті қажет ететін ем қолданылуы мүмкін.
Қаракөз Тұрмағанбет