Аудан әкімдерінің сайлауы қоғамда зор қызығушылық туғызды - Е.Қарин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аудан әкімдерінің сайлауы қоғамда зор қызығушылық туғызды - Е.Қарин

06.11.2023

Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау – Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылып отырған саяси тәжірибе. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елімізде демалыс күндері өткен саяси іс-шараға қатысты ой білдірді. Аудан әкімдерінің сайлауы қоғамда зор қызығушылық туғызды. 45 әкім лауазымына 125 үміткер таласты. Олардың қатарында түрлі саланың өкілдері – экономистер, заңгерлер, оқытушылар, инженерлер, ауыл шаруашылығы және басқа да сала мамандары болды.

7 саяси партияның бәрі аудан әкімдерінің сайлауында өз үміткерлерін ұсынды. 1 497 сайлау учаскесінде кандидаттар сенім білдірген тұлғалар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – барлығы 8500-ге жуық адам байқау жүргізді. Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары өңірдегі саяси жаңғырту ісінің жаңа бағдарын айқындап отыр, деді мемлекеттік кеңесші.

Қаракөз Тұрмаганбет

Хабарламаларға жазылу