Жезқазғанда шахта жұмысшысы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда шахта жұмысшысы қаза тапты

06.11.2023

Ұлытау облысындағы №57 шахтада жұмысшы қаза тапты. 1984 жылғы азамат Шығыс-Жезқазған кенішінде тау-кен өндірісінің шебері болып еңбек еткен.Ол жұмыс барысында ауыр жарақат алған. Қазір арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда. Бұл шахта «Қазақмыс» компаниясына қарайды.

Руслан Нұрланұлы


Ұлытау облысы

Хабарламаларға жазылу