Грузияда шахта құлап, 6 кенші қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грузияда шахта құлап, 6 кенші қаза тапты

05.04.2018

Үш адам түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Оқиға елдің батысындағы Ткибули қаласында Мендель атындағы кеніште болды. Алдын ала мәліметтерге сай, шахтаның қабырғасы майысып, төбесі опырылып түскен. Апат болған жерге дереу арада құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі жетіп, құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Елдің ішкі істер министрлігі «Қауіпсіздік ережелерін сақтамау» бабы бойынша істі тергеуге кірісті.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу