Жетісу облысында әскерге шақыру жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында әскерге шақыру жүріп жатыр

06.11.2023

Жетісу облысында күзгі әскерге шақырту жүріп жатыр. Биыл өңірден Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге 850-ден астам адам аттанбақ. Талдықорғандағы әскери комиссариаттан 145 жігіт шекара қызметіне жіберілді. Жетісулық ұландар әскерге бару - туған жердің тыныштығын күзету және шыңдалу дейді.

Әлинұр Қайратұлы, әскерге шақырылушы:

Әскер ол бізге не береді? Ол үлкен абырой. Үлкен міндет және өзіміздің елімізді, жерімізді аманатымыз қорғау борышым деп білемін. Жеңілдіктер бар әскерден кейін. Жоғарғы білім орындарына түсуге болады. Осындай мүмкіндіктер беріп жатыр.

Қуаныш Қанатұлы


жетісу облысы

Хабарламаларға жазылу