Әлихан Смайылов: «АрселорМиттал Теміртау»-ды мемлекетке қайтару процессі 1 айда аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: «АрселорМиттал Теміртау»-ды мемлекетке қайтару процессі 1 айда аяқталады

05.11.2023

«АрселорМиттал Теміртау»-ды мемлекетке қайтару процессі 1 айда аяқталады. Бұл туралы осы апта Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. Премьер-Министр алдын-ала келісімге сәйкес компанияны Қазақстан Республикасына тапсыру процессінің өзге детальдарын жариялауға болмайды екен. Смайылов келісім толығымен жасалған соң, барлық ақпарат қоғам мен БАҚ-қа жарияланытынын айтты. Барлық заңдық процедура қарашаның 30-на дейін аяқталуы тиіс. Ал компанияның «АрселорМиттал Теміртау» деген атауы өзгереді. Мұны Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкіметте өткен брифингте растады.

Өйткені «Арселор» компаниясы қазақстандық кәсіпорын акционерлері қатарынан шыққан соң, бұл атауды біздің қолдануға қақымыз жоқ. Ал Үкімет компанияға жаңа инвестор іздеп жатқанын хабарлады.


Хабарламаларға жазылу