Кембридж университетінің ұстаздары ауылдық ұстаздармен пікір алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кембридж университетінің ұстаздары ауылдық ұстаздармен пікір алмасты

03.11.2023

ЮНЕСКО көрсеткен статистика бойынша жыл сайын әлемде 246 миллион бала буллингке ұшырайды. ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер қарашаның бірінші бейсенбісін мектептегі кибербуллингке қарсы халықаралық күн деп жариялаған болатын.

Бүгін Астанада да ауыл мектептерінің білімін арттыру мақсатында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-конференцияда осы тақырып кеңінен қозғалды. Екі күнді қамтыған халықаралық алаңда Кембридж университетінің ұстаздары, шетелдік мамандар мен сарапшылар түрлі тақырыпта пленарлық сессияға қатысып, ұстаздармен пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ақмаржан Ғафиз

Хабарламаларға жазылу