Елімізде кәсіпорындар жұмысшыларға қарыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кәсіпорындар жұмысшыларға қарыз

03.11.2023

Елімізде кәсіпорындардың жұмысшыларға қарызы 6 млрд 200 млн теңгеден асып кеткен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 914 кәсіпорын қызметкерлеріне осы күнге дейін жалақы төлемей келген. Еңбекақысын даулап жүргендер бүгінде 24 мыңнан асады.

Мұндай жұмыс берушілерге министрлік 169 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Нәтижесінде 21 мың қызметкердің құқығы қорғалып, олар 5 млрд 300 млн теңгесін қайтарып алған.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу