ШҚО-да кейбір кәсіпорындар жалған жұмыс орындарын ашқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да кейбір кәсіпорындар жалған жұмыс орындарын ашқан

15.03.2019

Шығыс Қазақстан облысында кейбір кәсіпорындар жалған жұмыс орындарын ашқан.  Ондай мекемелер  салық  органдарына  жұмысшыларға берешекпіз  деген сылтаумен салық та төлемеген. Ал шын мәнінде  ол кәсіпорындарда   жұмысшы  мүлде болмаған.

Банкротқа ұшыраған  кейбір пысықай кәсіпкерлер мүліктерін тәркілеуден сақтап қалу үшін  осындай жол тапқан.  Өйткені, заң бойынша  банкротқа ұшырған мекеме бірінші кезекте жұмысшылармен есеп айырысуы тиіс. Қаржылай қиындыққа тап болған кәсіпорындарды тексерген облыстық прокуратура бірқатар заңсыздықтың бетін ашты.  Тек былтырдың өзінде жалған жұмыс орнын ашып,  қаржы қитұрқұлығына байланысты 170 дерек тіркелген. 

Ержан Рыспаев, облыстық прокуратураның  басқарма прокуроры:

Тексеру кезінде жұмысшылар шын мәнінде басқа кәсіпорындар да жұмыс істейтіні анықталды. Зейнетақы қоры мен  түрлі салықтарға  ақша нақты сол жерден аударылып отырған.  Бірақ,  қаржы басқа жаққа кетіп қалмас үшін  жалған жұмыс орындары бойынша құжат жасап, еңбекақыға  қарыз ретінде анықтамалар дайындаған.

Хабарламаларға жазылу