Күніне 10 мың адам Ауғанстанға оралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күніне 10 мың адам Ауғанстанға оралып жатыр

03.11.2023

Пәкістан үкіметі елден, құжатсыз жүрген шетелдіктерді шығаруды жалғастыруда. Олардың 1 миллион 700 мыңы – ауғандықтар. Мемлекет аумағынан кетуге берілген уақыт қарашаның 1-де аяқталды. Норвегияның Босқындар Кеңесінің есебінше, қазір Пәкістаннан Ауғанстанға күніне 10 мың адам өтіп жатыр. Өз еріктерімен кетпесе, жергілікті полиция оларды күштеп шығармақ немесе тұтқындауы мүмкін. Пәкістан билігінің мәлімдеуінше, ауғандықтар қарулы топтарға қосылып, шабуылдар мен қылмыстар жасап, ел тұрақтылығына қауіп төндіріп тұр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу