Ғалымдар жер сілкінісін болжайтын ғарыш аппаратын әзірлеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар жер сілкінісін болжайтын ғарыш аппаратын әзірлеп жатыр

03.11.2023

Отандық ғалымдар жер сілкінісін алдын-ала болжайтын наноспутник әзірлеп жатыр.

Салмағы 10 келіге жуық ғарыш аппараты Қазақстанның аумағын бір күнде 3 рет айналып, жер қабатындағы өзгерістерді тіркейді. Барлық деректер автоматты түрде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы зерттеу орталығына келіп түседі. Ғалымдар наноспутникті екі жылда толық дайындап, ғарыш айлағына ұшырамыз деп отыр.

 Әмірхан Темірбаев, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ жанындағы инжиниринг және жоғарғы технологиялар кластерінің бас директоры:

Ол наноспутниктердің басты қызметі - жердің литосфера деген қабаты бар, қатты қабаты мен ионосфера қабаты арасындағы байланыстарды зерттеу. Литосфера мен ионосфераның байланысын зерттеу арқылы жерде болып жатқан құбылыстарды алдын - ала болжауымызға болады. Мысалы жер сілкінуінің алдын алу. Болашақ наноспутниктерді ғарышқа ұшырсақ, дер кезінде жер сілкінудің алдын алуға мүмкіндік алуымыз мүмкін.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу