Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. Одан бөлек Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Елордаға жетті.
Одан соң Премьер-Министр Әлихан Смайылов Астана әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті күтіп алды. Ертең Елордада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне осы ұйымға мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ, бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.
Оңғар Алпысбай