Ойын бизнесімен заңсыз айналысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл, әсіресе, онлайн казино ашып алғандарға қатысты. Бүгінде ойын бизнесін реттеуге арналған 3 заң жобасы дайын.
Жаңа құжатқа сәйкес, құмар ойындарына 25 жастан бастап рұқсат беріледі. Банкке немесе қаржы ұйымдарына қарызы бар азаматтар букмекерлерлік орталықтарға, казиноларға жолай алмайды. Сондай-ақ, Қазақстанда тіркелмеген кеңселердің жұмыс істеуіне заңмен тыйым салынады. Ойын бизнесін транспортта, интернет платформаларда, телерадио, фильм, баспа беттерінде жарнамалауға болмайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ойын бизнесімен заңсыз айналысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/181693/)