Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 9900-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқан. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі хабарлады. Сонымен қатар, осы жаһандық орган тергеу жүргізіп, таяуда Украинаның «Гроза» ауылында 59 адамның ресейлік ракетаның соққысынан мерт болғаны туралы қорытынды жариялады. Алайда, Мәскеу мұндай айпытауларды үнемі жоққа шығарып, өз әскерінің көрші елдің азаматтық нысандарын әдейі көздемейтінін мәлімдеп келеді.
Арыстан Рысбек