Украинаның Одесса қаласында бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның Одесса қаласында бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты

01.07.2022

Украинада әскери қақтығыс жалғасып жатыр.

«Би-Би-Си»-дің мәліметінше, Ресей күштерінің шабуылынан Одессада 10 адам қаза тапқан. 7 тұрғын жараланды. Олардың арасында балалар да бар.

Зымыран 9 қабатты тұрғын үйге құлаған. Қазір оқиға орнында үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Екінші ракета Белгород-Днестровский қаласындағы демалыс базасына түскен. Бұл шабуылдан жапа шеккендер бар ма, жоқ па - бұл мәлімет тексеріліп жатыр.

Ал Луганск облысында ресейліктердің бақылауына өтпеген жалғыз қала Лисичанскке үздіксіз оқ жаудырылып жатыр. Жергілікті әкімшіліктің мәліметінше, Ресей күштері қала ішіне кірген жоқ. Ұрыс оның төңірегінде жүріп жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу