Сұйытылған газ бағасы 80 теңгеге дейін көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұйытылған газ бағасы 80 теңгеге дейін көтеріледі

01.11.2023

Сұйытылған газ бағасы біртіндеп 50 теңгеден 80 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді. Оның сөзінше, көгілдір отын бағасы төмен болғаннан кейін газбен жүретін автокөліктер саны артқан.

Ал өндіріс көлемі, керісінше, азайып барады. Себебі, сұйытылған газды арзан бағада жеткізу кәсіпкерлер үшін тиімсіз болып отыр. Министрлік тапшылықтың алдын алу үшін бағаны көтеруден басқа амал жоқ екенін айтады. Бүгінде өнімнің өзіндік құны литріне 110 теңге. «Баға бірден емес, кезең-кезеңімен көтеріледі» - министр. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу