Жылу тарифін 149 пайызға көтеруді сұрайды. «Екібастұзжылуэнерго» кәсіпорыны 1 қаңтардан бастап жылу бағасын қыбаттату туралы табиғи монополияларды реттеу департаментіне өтінім берген. Қазір монополист жылудың 1 гигакалорийын 5 579 теңгеге бағалап отыр. Енді 13 911 мың теңгеге көтергісі келеді. Ал бюджеттік мекемелер үшін 7 есеге өсіруді сұраған.
Нұрлан Нұрмұрат, Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:
Тарифтің өсуі туралы ақпарат дұрыс қабылданып жатқан жоқ тұрғындармен. Өйткені, болған жағдайлармен байланысты. Сонымен қатар қазіргі күні көрсетіліп жатқан қызметтің сапасына байланысты деп ойлаймын.
Болат Аманбаев