Астанада өтіп жатқан І халықаралық Құран жарысына әлемнің 26 елінен қатысушы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өтіп жатқан І халықаралық Құран жарысына әлемнің 26 елінен қатысушы келді

01.11.2023

Астанадағы республикалық бас мешітте І халықаралық Құран жарысы басталды. Екі күнге жалғасатын сайыс, ел тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Оған әлемнің 26 елінен 18 бен 30 жас аралығындағы 28 қатысушы келді. Киелі кітапты бастан-аяқ жатқа айтатын қарилардың қарым-қабілетіне Түркия, Өзбекстан, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктерінің көрнекті ғалымдары қазылық етеді. Үздіктер ертең анықталады. Жеңімпаздар қомақты ақшалай сыйлықпен марапатталмақ. Айта кеткен жөн, елімізде қазір қариларды дайындайтын 11 орталық бар. Онда 200 жас білім алып жүр.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

Біздің алғашқы жылдардағы қариларымыз саусақпен санарлық еді. Аллаға шүкір, қазір жүздеген қариларымыз бар. Бүгін міне халықаралық деңгейге шығып отыр. Қазір екі қариымыз осы сайысқа қатысып жатыр.

Салман Абдулахи, І халықаралық құран жарысының қатысушысы:

 Қарсыластарым шетінен мықты. Тартысты жарыс болатын сияқты. Біліміме сенемін. Құран жарысының Қазақстанда өтуі мені ерекше сөзімге бөлеп тұр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу