Давос экономикалық форумы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Давос экономикалық форумы ашылды

20.01.2016
Давос экономикалық форумы ашылды
Үш күнге жалғасатын конференцияға әлемнің 100 елінен 2500-дей қатысушы барған.

Әлемдік саясат пен бизнес өкілдері Швейцария Альпісіне жыл сайынғы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға жиналды. Алқалы жиын бүгін ашылып жатыр.

Үш күнге жалғасатын конференцияға әлемнің 100 елінен 2500-дей қатысушы барған. Олардың арасында 40 мемлекеттің басшысы, 1500 бизнес лидері бар.

Биылғы форум «4-ші өнеркәсіптік революцияны игеру» тақырыбымен өтіп жатыр. Яғни, компьютерлендіру, сандық технология, жасанды интеллект және өзге де инновациялық жаңалықтар басты назарда болмақ.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу