Шымкентте қызылша жұқтырған балалар саны күрт көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қызылша жұқтырған балалар саны күрт көбейді

01.11.2023

Шымкентте жыл басынан бері қызылша жұқтырғандар саны 4795 адамға жетті. Мамандар биылғы эпидемиялогиялық жағдай өрши түскенін айтады. Салдарынан науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына сыймай, емдеу орны қосымша төсек орындармен толықтырылған. Қызылшаға шалдыққандардың 90 пайызы балалар дейді мамандар. Жыл басынан 167 мектептен 721 оқушы қызылша жұқтырған. Сондай-ақ, 337 балабақшадан 1943 баладан жұқпалы ауру анықталған. Санитарлық дәрігерлер аталған мекемелерде қауіпті ошақтың көбеюіне байланысты балалардың вакцина қабылдаған, қабылдамағанын тексеріп жатыр. Себебі, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация дейді мамандар.

Айгүл Тұрымбетова, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

3626 бала қызылшаға қарсы егілмеген болып отыр. Ал оны талдай келетін болсақ, егілмегендердің ішінде бір жасқа жетпегендері бар. Ата-анасының өзінің көзқарасымен бас тартқаны бар. Вакцинаға сенімсіздік танытқаны бар. Діни көзқараспенен егу алмағандары анықталып отыр.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу