Ақмола облысында құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы жеті жылға сотталды. Ол «Еңбек-Аршалы» мемлекеттік кәсіпорнының жетекшісімен сөз байласып, 190 миллион теңгеден астам қазына қаржысын жымқырған. Қомақты қаражат Қосшы қаласында жарықпен жабдықтау нысандарын салуға бөлінген. Алайда, екі шенеунік мердігермен келісіп, атқарылмаған жұмыс үшін жалған есеп құжаттарын дайындап, қаражатты сол кәсіпкерге аударып жіберген. Олардың кінәсі сотта толықтай дәлелденді. Мемлекетке келтірілген шығын қайтарылды. Мемлекеттік кәсіпорынның бастығы 7 жылға, ал кәсіпкер 8 жылға сотталды.
Ұмсындық Наурызбаева