Түркияның қоғам қайраткерлері қазақ халқын ұлттық мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның қоғам қайраткерлері қазақ халқын ұлттық мерекемен құттықтады

30.10.2023

Түркияның қоғам қайраткерлері Қазақ халқын Республика күнімен құттықтады.

Рашида Юксел, «Ак партия» жоғарғы кеңесінің шешім қабылдау комияссиясы мүшесі, Ыстамбұл қалалық мәслихатының депутаты:

25 қазан Қазақстанның Республика күні құтты болсын! Тәуелсіздік алған 32 жыл ішінде Қазақстан көптеген сәтті реформалар жасап, жан-жақты дамыды. Біз алыста жүрсек те атамекеніміздегі барлық оң өзгерістерге қуанып отырамыз. Мен жақында ғана «Ак партия» жоғарғы кеңесі шешім қабылдау комиссиясы мүшесі болып сайландым. Бұндай жоғары лауазымды қызметке тағайындалған тұңғыш қазақ әйелі боламын. Өзім саясаткер болғандықтан, Қазақстанның сыртқы саясаттағы жаңа қадамдарына әрдайым жоғары баға беріп отырамын.

Кейінгі жылдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық аренада көптеген маңызды келісімдерге қол жеткізді. Былтыр Түркияға келген сапарында екі ел арасындағы ынтамақты нығайтуға бағытталған ондаған маңызды құжатқа қол қойылды. Өзім қазақ болғандықтан Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстың бекем болуына бағытталған саяси шешімдерді қуана қарсы аламын. Қазақстан Орта Азиядағы ең ірі логистикалық хаб болу әлеуетіне ие. Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір болу мүмкіндігі зор. Өзімнің және Түркиядағы қазақтардың атынан Қазақстанның Республика күні құтты болып, тәуелсіздігі мәңгі болсын деп тілеймін

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу