Шығыс Қазақстанда қызылша дерті өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда қызылша дерті өршіп тұр

30.10.2023

Шығыс Қазақстан облысында балалар арасында қызылша дерті дендеп тұр. Бүгінге дейін Өскемендегі Ана мен бала орталығының инфекциялық бөлімшесіне 45 науқас түскен. Қызылшаға шалдыққан 45 баланың 43-і ауруға қарсы вакцина алмағаны анықталды.

Қаладағы алғашқы көмек көрсету мемекелерінде дене қызуы 38 градустан жоғары, бас ауруы, бөртпесі бар пациенттерді қабылдайтын арнайы кабинеттер ашылды. Онда орта буынды медицина мамандары, педиатр дәрігерлер науқастарға алғашқы көмек көрсетеді. 

Жалпы жыл басынан бері Қазақстанда 10 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Оның 90 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу