Еліміздің 11 өңірінде баспана бағасы арзандаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 11 өңірінде баспана бағасы арзандаған

30.10.2023

Осы айда еліміздің 11 өңірінде екінші деңгейлі, яғни пайдаланылған баспаналардың бағасы сәл арзандаған. Қазір ел бойынша бір шаршы метрдің орташа құны 369 мың теңге. Ең қымбат пәтер – Алматыда. Мұнда шаршы метрі 707 мың теңгеден есептеледі. Астанада 473 мың, Шымкентте 419 мың, Атырауда – 386 мың, Өскеменде – 380 мыңнан.

Ал ең арзан пәтерлер - Қызылорда мен Ақтөбе қалаларында. Осылайша, Алматыдан бір бөлмелі баспананы орта есеппен 24 млн теңгеге, ал Астанадан 17,7 млн теңгеге алуға болады. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу