Елімізде 3500 педагог суицид пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
Мұндай білім беру бағдарламасын осыған дейін 7400 педагог оқыған. Курста балалар арасындағы құқық-бұзушылықтарды болдырмау, білім беру ұйымдарында булингті жою мәселелері қаралады. Оқыту онлайн және офлайн форматта жүргізіледі. Курстан әлған білімін ұстаздар сабақ барысында балаларға түсіндірме жұмыстары арқылы жеткізеді. Сонымен қатар тәрбие-сағаттарын өткізетін болады.
Аида Ахметбек