Астананы электрмен қамту жүйесі қалпына келтірілді. Жергілікті әкімдік мәселені қосымша қосалқы станцияларды іске қосу арқылы шешкен. Энергетика министрлігі жағдайды түсіндірді. Ведомствоның мәліметінше, ЖЭО-2-де қысқа тұйықталу орын алып, генерацияның толық төмендеуіне әкеліп соққан. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің барқатарында су болмай қалған. Артынша қала әкімдігінің ресми сайтында электр желілерінің жұмысы толығымен қалпына келтірілгені туралы хабарлама жарияланды. Сондай-ақ, ол ақаулардың медициналық мекемелерге әсер етпегені, мекемелердің қалыпты жұмыс істеп жатқаны айтылған.
Торғын Мелісқызы