Шет мемлекеттің басшылары Костенко шахтасындағы апатқа байланысты көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шет мемлекеттің басшылары Костенко шахтасындағы апатқа байланысты көңіл айтты

29.10.2023

Костенко шахтасындағы апатқа байланысты шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың басшылары көңіл айту жедел хаттарын жолдады. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Ал, Франция президенті Эммануель Макрон өзінің парақшасында: «Барша қазақстандықтарға деген достық пейілімді жеткізу мақсатындағы Қазақстанға тарихи сапарыма бірнеше күн қалғанда елдің шахталарының бірінде болған қайғылы хабарды терең мұңмен қабылдадым. Барлық қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын» деп жазды.

Бұдан бөлек Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Армения президенттері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау мен ТҮРКСОЙ ұйымы басшылары да телеграмма жолдаған.


Хабарламаларға жазылу