Қарағандыдағы қайғылы жағдайдан зардап шеккен кеншілердің отбасына 4 кәсіпорын 200 миллион теңге аударады. Қаржы аударған компаниялардың ішінде «QazTehna», «АгромашХолдингKZ», «KamaTyres», «СарыаркаАвтопром» өндіріс орындары бар. Машина жасау кластерінің жұмысшылары елде болған оқиғаға қайғырып көңіл айтты.