Шымкентте бүтін бір отбасы газдан уланып, қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бүтін бір отбасы газдан уланып, қайтыс болды

27.10.2023

Шымкентте бүтін бір отбасы газдан уланып, қайтыс болды. Кәмілетке толмаған үш бала мен әке-шешесіне иіс тиген. Балалар мектепке бармаған соң, ұстаздары іздеген. Отбасының үлкен қызы полиция шақыртқан. Кейін өзі де бақилық болған. Мамандардың айтуынша, көгілдір отынды пайдалану кезінде техникалық талаптар сақталмаған. Үй ішінде желдеткіш, тіпті айдайтын құбыр да болмаған.

Бауыржан Байтөреев, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалының апаттық диспетчерлік қызметінің басшысы:

Бұзушылық болғанда, пештің үстіңгі жағында түтін шығаратын құрылғы жоқ. Құрылғыны пайдалану барысында қауіпсіздік ережесі сақталмаған.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу