Пәкістанда соңғы екі аптада 350-ге тарта ұшақ көкке көтерілген жоқ. Бұған авиациялық отын тапшылығы себеп. Соның салдарынан ішкі және халықаралық бағыттарға қатынайтын әуе рейстері тоқтатылған. Отын жетіспеуіне Пәкістан халықаралық әуе компаниясы мен осы елдің мемлекеттік мұнай компаниясы арасында төлемге қатысты дау туындауы түрткі болды. Әуе компаниясының мәлімдеуінше, мұнай компаниясы несиелік желісін тоқтатып, отынды алдын-ала төлем жасалғанда ғана жеткізуге көшкен. Әзірге әуе рейстерінің қашан қалпына келетіні белгісіз.
Арай Төлеген