Қазақстандық панкратионшылар қоржынға 21 медаль салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық панкратионшылар қоржынға 21 медаль салды

26.10.2023

Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында панкратионнан барлық жүлдегер анықталды. 10 салмақта спортшы алып барған Қазақстан құрамасы жалпы есепте 11-орында тұр. Қоржынға 2 алтын, 9 күміс пен 10 қола медаль түсті. Көш басында 16 алтыны бар Украина құрамасы жеке-дара келе жатыр. Барлығы 80 мемлекеттің 74-і жүлдеге қол жеткізді.

Жасұлан Әкімжан, Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының қола жүлдегері:

Әуесқойлар арасында қайта өнер көрсету ыңғайсыз болып жатыр. Оның үстіне ойындарға аз уақыт қалғанда ауырып қалып, дайындық жұмысына әсерін тигізді. Қола жүлдеге ие болсам да, бұл мен көздеген нәтиже емес.

Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу