Президент Аида Балаеваны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Аида Балаеваны қабылдады

26.10.2023

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады. Аида Балаева Президентке мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесу барысында Мәдениет және ақпарат министрлігін қайта құру бойынша жұмыстарды, алдағы жоспарлар мен жаңа жобалар туралы баяндадым. Сондай-ақ, креативті индустрия саласын жандандыру бойынша бірқатар жобалармен таныстырып, кино мен кітап ісін қайта жаңғыртудағы нақты іс-әрекеттер туралы айтып бердім.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу