Министр: Аягөзде өрттен көз жұмған балалар үйде жалғыз қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр: Аягөзде өрттен көз жұмған балалар үйде жалғыз қалған

26.10.2023

Аягөз қаласындағы өрт кезінде қайтыс болған 4 бала үйде жалғыз қалған. Қайғылы жағдайдың мән-жайын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты. Балалардың әкесі жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді. Анасы азық-түлік сатып алуға шығып кеткен. «Балаларды жалғыз қалдыруға болмайды. Бұрын Астанада, Жамбыл облысында осындай оқиғаға бәріміз куә болсақ, бүгінде Аягөзде қайталанып отыр», - деді ведомство басшысы. Қазір бұл оқиға бойынша комиссия жұмыс істеп жатыр. Ал министрлік тарапынан қара жамылған отбасыға психологиялық қолдау көрсетілуде.

Еске сала кетсек, Абай облысының Аягөз қаласындағы жеке үйдің бірінде өрт шығып, төрт бала көз жұмды. Полиция тиісті сараптама тағайындап, тергеу жұмыстарын бастады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу