ШҚО-да 2 бала иіс тиіп көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 2 бала иіс тиіп көз жұмды

09.10.2020

7 және 15 жастағы қыз балалар туыстарының үйіне барған. Кешке қарай өздері пеш жағып, жатар кезде түтіндіктің жапқышын ашуды ұмытып кеткен. Олардың қасында ересектерден ешкім болмаған. Таңертең аналары қыздарын ес-түссіз күйде тауып алып, бірден жедел жәрдем шақырғанымен тым кеш болған. Жалпы, осы жылдың басынан бері Шығыс Қазақстанда 41 адам пештен шыққан иіске уланып қалған. 9-ы көз жұмған.

Берік Көшербай

ШҚО Глубокое ауданы Секисовка жедел жәрдем

Хабарламаларға жазылу