Президент Аида Балаеваны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Аида Балаеваны қабылдады

26.10.2023

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады. Аида Балаева Президентке министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ, мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу