АҚШ-тың Мэн штатында белгісіз біреудің атқан оғынан 22 адам қаза тапты. Бейбіт тұрғындарға қарулы шабуыл жасаған адамды полиция әзірге ұстаған жоқ. Күдіктінің фотосуреті көрсетілді. Ол Льюис-тин қаласындағы боулинг-холл, мейрамхана мен тағы бірнеше жерде оқ атқан.
Кейбір мәліметтере сай, ол 50 адамды жараланған. Бұл ақпарат әлі расталған жоқ. Қала тұрғындарына қауіпсіз жерде жасырыну, есіктерді құлыптау туралы кеңес берілді.
Арай Төлегенқызы