Израиль әуе шабуылын күшейтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль әуе шабуылын күшейтті

26.10.2023

Израиль Газа секторын әуеден бомбалауды үдете түсті. Хамас өкілдерінің мәлімдеуінше, шабуылдан 6500 адам қаза тапқан. Алайда, Израиль әскерилері азаматтық нысандарды көздемедік деп мәлімдеді. Премьер-министр Биньямин Нета-ньяхудің айтуынша, Израиль Газа секторында құрлық операциясын жүргізуге дайындалып жатыр. Дегенмен оның нақты мерзімі айтылған жоқ.

Әлемнің бірқатар елінде Палестинаны жақтайтын шерулер өтіп жатыр. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Хамас пен Израиль арасындағы соғысқа қатысты қарар қабылдай алған жоқ. АҚШ бір жақтан, ал Ресей мен Қытай екінші жақ болып ұсынған қос жоба қолдау тапқан жоқ. АҚШ Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін атысты уақытша тоқтату туралы ұсынды. Ал Ресей «оқ атуды» ұзақ мерзімге тоқтатуға үндеген еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу