Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

04.12.2023

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Кездесу барысында министр азаматтарды әскерге шақыру мен сарбаздарға берілетін ақшалай төлемді арттыруға бағытталған жұмысты баяндады. Сонымен бірге әскердің жауынгерлік дайындығы, оқу базасы мен полигондардың жай-күйі туралы есеп берді. Ұшақ кешені, әуе шабуылын қару-жарақпен қамту және авиацияны жаңа техникамен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Президент БҰҰ ұйымдастыратын миссияларға қатысу үшін қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыруды тапсырды. Әрі министрге аумақтық қорғанысты және арнайы операцияларға қатысатын күштерді дамыту, әскери-патриоттық жұмысты күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Хабарламаларға жазылу