Tengri bank-тің бұрынғы басшысы сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Tengri bank-тің бұрынғы басшысы сотталды

24.10.2023

Tengri Bank-тің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Басқарма төрағасы Ержан Шайкеновке қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырды деген айып тағылған. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша 2015-2020 жылдары банкті басқарған Ержан Шайкенов 13 адамнан тұратын қылмыстық топ құрған. Солардың көмегімен ол қарыз алушылардың төлем қабілетіне қарамастан заңсыз несиелерді рәсімдеген. Соның салдарынан қаржы ұйымына жалпы сомасы 23 млрд теңгеден аса залал келген.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу